Өлең, жыр, ақындар

Таластың ару еркесі

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 2
  • 464
Аққудай сызылтып бір ән салдың да,
Қайыңдай тербетілдің қарсы алдымда.
Жалындай ыстық демің бетті шарпып,
Жаутаңдап тұра бердім тамсандым да.
Көзіңнен мен көрмеген ұшқын тарай,
Әнің мен ақ жүзіңе береді арай.
Таластың туған Айдай Тоғжаны ма ең,
Құмарым тарқар емес қарай-қарай.
Тербедің тереңімді, тұнығымды,
Кетірдің еркімді алып, тынымымды.
Айта алмай арманымды кетіп барам,
Сыйласаң, сипат, еркем бұрымынды.
Өзің бір ғажап екенсің,
Лағыңдай ерке киіктің.
Арманым болып өтерсің,
Армандай асыл сүйіктім.
Қия алмай кетіп барамын,
Жүректе қалды наз әнің,
Таластың ару еркесі-ай!



Пікірлер (2)

Адам

Бір жатауга келетін өлең (жоқ)

Нұлан

Жарылқасын Аманұлының Таластың ару еркесі өлеңі жақсы жазылған, жалпы сайтта өлең көп екен, рахмет

Пікір қалдырыңыз

Табиғаттың заңына бағынасың

  • 0
  • 0

Табиғаттың заңына бағынасың,
Кімге бұдан кұтқар деп шағынасың.
Сіңіп кеткен сағымға сайғақтардай,
Күндерінді күрсіне сағынасың.

Толық

Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер

  • 0
  • 0

Ей, ағайын, алмаңдар да, бермеңдер,
Мені бірақ ренжіте көрмеңдер.
Ақын жаны сәл нәзіктеу келеді,
Жай-жай сөйлеп, жай қолыңды сермеңдер.

Толық

Заманының жырын жырлай алмаса

  • 0
  • 0

Заманының жырын жырлай алмаса,
Заманының мұңын мұңдай алмаса.
Ақиқаттың алауы боп жанбаса,
Жанарынан қанды жасы тамбаса,

Толық

Қарап көріңіз