Өлең, жыр, ақындар

Табиғаттың заңына бағынасың

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 136
Табиғаттың заңына бағынасың,
Кімге бұдан кұтқар деп шағынасың.
Сіңіп кеткен сағымға сайғақтардай,
Күндерінді күрсіне сағынасың.
Ақ түсіпті шашқа да, самайға да,
Өзгереді бұл өмір қалай ғана?
Таң атып тұр сол қалпы, күн шығып тұр,
Ай туып тұр сол қалпы, арайлана.
Мен туғанда көк-жасыл көктем екен,
Туған күні ақ жауын төккен екен.
Ақ жауындай алдыңда, ей, дүние,
Сезімімді себелеп өтсем екен.
Жарқырасын жұлдызым маңдайдағы,
Дәмі кетпей тәтті әннің таңдайдағы.
Жабымын ба, мен әлде жүйрікпін бе?
Жүйрік аз ба жүдеген жанбай бағы.
Көрсем екен бәрін де, көрсем екен,
Бар-жоғымды халқыма берсем екен.
Аз емес қой арманда өткен ақын,
Ризығымды армансыз терсем екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас тамады жанардан

  • 0
  • 0

Жас тамады жанардан, жас тамады,
Жан сақтаудың қалмаса басқа амалы.
Босатпаса тағдырдың тас қамалы.
Жүріп келем әзірше тәлтіректеп,

Толық

Жасанды бола алмадым

  • 0
  • 0

Жасанды бола алмадым,
Қасанды бола алмадым.
Аяқтан мені шалғанды,
Аяқтан шала алмадым.

Толық

Жанымның жазып дайым құрыстарын

  • 0
  • 0

Жанымның жазып дайым құрыстарын,
Сенімен, домбыра, тыныстадым.
Көтеріп көңілімді көкке менің,
Жалғыз сен – жастайымнан ұғысқаным.

Толық

Қарап көріңіз