Өлең, жыр, ақындар

Бір-бірінің қазанын сапырысып

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 78
Бір-бірінің қазанын сапырысып,
Бірін-бірі жататын шақырысып.
Кетсем бе екен ауылға көктем шыға,
Қайтатұғын біраз күн қатық ішіп.
Қатық ішіп біраз күн атқа мініп,
Салым салар сыбанып сапқа кіріп.
Бауырымды жазбасам болмайды екен,
Ішек-қарным аузыма ақтарылып.
Біржолата ауылға кетсем бе екен,
Шығар емес есімнен өскен мекен.
Велосипед орнына тай мінгізіп,
Баламды ертіп той-тойлап өтсем бе екен?
Елді аңсамай қалайша тұра аласың,
Тұрмыз әзір қала жай ұнағасын.
Аңсатады ащы құрт, ақтаған сөк,
Бидай көже ашыған – құмар асым.
Елге бармай нені, дос, ұға аласың,
Жол-жобаны онда сен құп аласың.
Бір үй емес, бірнеше үй бір-ақ күнде,
Асар саған сақтаған сыбағасын.
Барып ауыз тимесең сыбағаңды,
Өкпелеттің бір жеңге, бір ағаңды.
Елге барсаң, жігіттер, едірейіп,
Жасай берме өзіңе ұнағанды.
Жақын түгіл жасамай жатқа күдік,
Барсаң күтер тізесін шаққа бүгіп.
Кетсем бе екен ауылға көктем шыға,
Қайтатұғын біраз күн атқа мініп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған

  • 0
  • 0

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған,
Бірге зырлап барады ғұмыр-адам.
Елес беріп бейнесі келешектің,
Естіліп тұр келешек жыры маған.

Толық

Шыбыл балаларына

  • 0
  • 0

Тарадық бір атаның кіндігінен,
Бөлемін «бөтенсің» деп кімді-кімнен.
Шыбылдың ұрпағының арасында,
Атанған жалғыз ақын түңлігі мен.

Толық

Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен

  • 0
  • 0

Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен,
Ең алғаш тынысымды алған мекен.
Өрілген өзегімнен өлеңімді,
Өзіңе өмір бойы арнап өтем.

Толық

Қарап көріңіз