Өлең, жыр, ақындар

Айналдым, ата мекенім

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 109
Айналдым, ата мекенім,
Жыл құсы саған екенмін.
Қанатым талып жетемін,
Қия алмай қайта кетемін.
Жүрген соң сенен қиянда,
Қиянға салған ұямда.
Бабалар өткен бақ мекен,
Бірақ та сені қиям ба?
Қан тамған жерім кіндіктен,
Лебіңді сезем күндіктен.
Кінәлай көрме кетті деп,
Күнкөріс, күйбең тірлікпен.
Өзіңнен бойға дарыған,
Дарын бар, жоқпын арыған.
Өмір боп саған жалғасып,
Өлең боп сенен табылам.
«Туған жер – Қызылжарың деп,
Таза екен, ақын, арың», – деп.
Алда аға, артта іні жүр,
Қамқор боп менің қамым жеп.
Ақ тілек, ата қонысым,
Арысам, бергей қол ұшын.
Ақын ғып тудың сен мені,
Игі де ауыр жол үшін,
Айналдым сенен сол үшін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінез

  • 0
  • 0

Артықпын демен өзгеден,
Артықпын десем, надан де.
Кеммін демен өзгеден,
Кем түссем туа, жаман де.

Толық

Сен үшін бір ту бие сояр едім

  • 0
  • 0

Сен үшін бір ту бие сояр едім,
Алдыңа жал-жаясын қояр едім.
Мен қазір шаршаңқырап жүрген жанмын,
Тірліктің кетіре алмай оябы-ебін.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Сағынбас жан бар ма екен,
Сабатты сарыжайлауын?
Сағым боп қайда қалды екен,
Боталы аулым, тайлы аулым?

Толық

Қарап көріңіз