Өлең, жыр, ақындар

Көктем саздары

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 54
Көбесі жердің сөгіліп,
Жырадан жылға тараған.
Тамыры талдың көрініп,
Өріліп түсіп жағадан.
Ақ көбік тасқын демігіп,
Сарқырап асып сағадан,
Дүркіреп қашып еліріп,
Қозы, лақ кетті қамаған.
Қырда жүр балалар желігіп,
Жауқазын, жуа қараған.
Қызылды-жасыл киінген,
Қызғалдақ қыздар-гүлдесте.
Көктемгі сезім күйімен,
Күйдірер жанды, тілдеспе.
Аққу, қаз мойны иілген,
Айдынға келіп бір кеште,
Қалғиды толқын күйімен,
Шошыта көрме, үндеспе,
Қос қыран жалт-жұлт шүйілген,
Айқасар көкте ілгекше.
Айнала күміс ақ сағым,
Керуен бел-бел жетегі.
Ақша қар жапқан бас жағын,
Көк торғын таудың етегі.
Ақ шарбы бұлт астарын,
Сілкілеп тауға төседі.
Бақша-бау тарап шаштарын,
Саф самал баяу еседі.
Бір шеті сыңсып аспанның,
Құстардың даусы жетеді.
Төге ме бейбақ жастарын,
Көрген соң ата мекенді?
Көк мұнара көктем күндер-ай,
Көктен нұр-шуақ төгілген.
Сүмбіле сыршыл түндер-ай,
Бұрымы-бұлт өрілген.
Құстардың қызық үндері-ай,
Талмаурап талып егілген.
Алқызыл алқа гүлдері-ай,
Өрнек те өрнек себілген.
Тебінде түлік түрлері-ай,
Манаурап маң-маң керілген.
Бау-бақша, егіс көктеді,
Тау-тас та тегіс көктеді.
Алқызыл дала бөктері,
Гүлзар бақ неткен көп тегі?!
Алаулап жанып беттері,
Жарасып жастар шеттеді.
Қарттардың түсті есіне
Қырық жылғы бұрын өткені,
Қырық жылғы бұрын көктемі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балапандарым менің

  • 0
  • 0

Біріңе, балам, көзімнің оты дарыған,
Сұрқиялар мен сұмдардың жүзін қарыған.
Біріңе, балам, дарыған пейілім жарыған,
Пейілі кеңдер арыған емес, арыған.

Толық

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай

  • 0
  • 0

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай,
Кейде отырам қас-қабағым ашылмай.
Тұңғиыққа түпсіз сүңгіп кетемін,
Метеориттің ағып түскен тасындай.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалғыздық жанға көп батты,
Жанарым жасқа малшынып.
Жабылып иттер көп қапты,
Жамбасқа түстім жаншылып.

Толық

Қарап көріңіз