Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 68
Жалғыздық жанға көп батты,
Жанарым жасқа малшынып.
Жабылып иттер көп қапты,
Жамбасқа түстім жаншылып.
Бұғана қатпай бүгіліп,
Төзбеске төзген екенмін.
Жығылып бірде сүрініп,
Тауқымет жүгін көтердім.
Ата-анам, жарым, он балам,
Сүйеніш етті сүлдемді.
Бір Алла шығар қорғаған,
Бекітсе бекем іргемді.
Садақ та болып керіліп,
Жебе де болып тартылдым.
Жүрегім, етім сөгіліп,
Ашамай ерге артылдым.
Ата-ана, жарым, баламның,
Жыламағанын тіледім.
Төркінсіз қалған анамның,
Түріне қарап жүдедім.
Түңілтіп кейде өмірден,
Үмітсіз үрей от шашты.
Қылыштай күлге көмілген,
Жүзімді қайғы тот басты.
Құла дүз болып қаңырап,
Құлазып талай көңілім.
Ақшам да болып жамырап,
Түнерді түндей өмірім.
Қуатым, күшім таусылып,
Иекті жарға тіредім.
Қара жерді де қаусырып,
Қан жоса болды білегім.
Сыймастан топас ортаға,
Шырқырай шыңға ұмтылдым.
Ақынды жеуге қорқа ма,
Құлдары қорқау құлқынның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақсылық керек

  • 0
  • 0

Жақсылық керек саған да,
Жақсылық керек маған да.
Жасаймын десең жамандық,
Табыла қалар табанда.

Толық

Жастығым-ау, қайта айналып келсейші

  • 0
  • 0

Жастығым-ау, қайта айналып келсейші,
Құшағыма от жалын боп енсейші.
Өмірімнің көктемі едің, көркі едің,
Құдіретіңмен жанға қуат берсейші.

Толық

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • 0
  • 0

Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.

Толық

Қарап көріңіз