Өлең, жыр, ақындар

Дүниенің жыртығы бір жамалар

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 104
Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Тек мен емес, солай деген даналар.
«Бақытсызбын» деп айтпағын, бауырым,
Бақ құсы да сені бір күн сағалар.
Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Күйсіз – байып, үйсіз – бір күн там алар.
Жыртылмасын, бір жыртылса жүрегің,
Бүтінделмей, өмір бақи қан ағар.
Бүтінделер бірте-бірте кем-кетік,
Тізгін ұстар жетімдер де ер жетіп.
Сағым жортқан сахараға шық тамбас,
Сәті түссе, өтер нөсер селдетіп.
Жаси берме, жыртылмасың жүрегің,
Жүрегіңнің бүтіндігін тілегін.
Бірер күнгі сәтсіздікке шыдамай,
Қарағым-ай, сонша неге жүдедің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің

  • 0
  • 0

Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің,
Арман ғой енді бәрі де.
Көзіңнен ұшқан сәуленің,
Нұрлысы-ай, шіркін, әлі де.

Толық

Үкім жүрмес жүрекке

  • 0
  • 0

Жауыздықты ізгілікпен жасқап мен,
Әділетті үстем етем білекке.
Қара күшпен түссе дағы тасқа мең,
Қара күшпен үкім жүрмес жүрекке.

Толық

Жел тұрса қамыс басы майда деймін

  • 0
  • 0

«Жел тұрса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушы қайда деймін.
Алдыңғы ат боран болмай, қылаң болды,
Құлагер жығылмаса қайда деймін?»

Толық

Қарап көріңіз