Өлең, жыр, ақындар

Табиғат - болмыс күшімен

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 133
Табиғат-болмыс күшімен,
Ұшқын боп жерге түсіп ем.
Жарқылдап жандым өзгеше,
Жарықтың сансыз ішінен.
Дән де боп жерге шашылдым,
Жүзімді аз күн жасырдым.
Көгеріп өніп көктемде,
Нұрымен күннің ашылдым.
Сені, өмір, отқа теңесем,
Ұшқының болып кеңесем.
Дария болсаң, бұлақпын,
Тартылып қалам деме сен.
Шырпыдай жағып жаңқаны,
Кептірсе аптап аңқаны.
Нөсер боп селдеп құяр ем,
Қанардай егіс алқабы.
Ақ дәнің пісіп жетіліп,
Самалдай шаттық есіліп.
Еңбегі жанған егіншің,
Бой жазар еді көсіліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәтті екен күндер

  • 0
  • 0

Толғана берем, толғану үшін жаралғам,
Толғанту үшін жеткізбей кеткен сан арман.
Үмітті үрлеп жылт еткен түнгі оттардай,
Тәтті екен күндер қиялға қайта оралған.

Толық

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?

  • 0
  • 0

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?
Суырылдың семсердей сұрқай заман келгенде.
Шыбын жаның шырқырап қиянатты көргенде,
Шамырқана жыр жаздың ішқұсалық шерменде.

Толық

Сыбызғы сырлы көктемім

  • 0
  • 0

Сыбызғы сырлы көктемім,
Сылқылдап күліп жеттің бе?
Селдете құйып кеткенің,
Сағыныш жасын төктің бе?

Толық

Қарап көріңіз