Өлең, жыр, ақындар

Озбайды деме уақыт

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 93
Озбайды деме уақыт,
Тозбайды деме ғимарат.
Тасты да мүжіп, уатып,
Ғасырлар өтер зымырап.
Жалына келем жабысып,
Астымда асау ғұмыр-ат.
Ажалмен кейде алысып,
Әкетпек болған жұлып ап.
Қас қағым сәттей болмасын,
Ғұмырдың бастан білсем де.
Ішімде еріп қорғасын,
Жатады күліп жүрсем де.
Тілегім, жалғыз тілегім –
Қалдырма арман көңілге.
Соға бер, қайран жүрегім,
Келмеймін екі өмірге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оқушымен сырласу

  • 0
  • 0

Оқушым, көптен бері кезікпедік,
Демеңдер талантына сезікті едік.
Өзге үшін болса дағы өлең үшін,
Мен де әдет болған емес ежіктерлік.

Толық

Ақын мен жазушыларға

  • 0
  • 0

Ассалаума-ғалейкум!
Сөзді қорек еткендер,
Ақ қағазға малтығып,
Ақыл, ойға бөккендер.

Толық

Құрдасыма

  • 0
  • 0

Көктем өтті, жаз өтті, күз де келді,
Шықтым жолға жоғымды іздегелі.
Жалпаң мақтан, жалған сөз мезі етті,
Тек әділдік керек-ау бізге енді.

Толық

Қарап көріңіз