Өлең, жыр, ақындар

Әсет Бейсеуовке

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 68
(Қабір басында туған өлең)

Ажалға айла бар ма деп,
Мен өлсем өлең арна деп.
Қалжың ба, шын ба көп айттың,
Топырақ салмай қалма деп.
Өлеңім болды-ау азалы,
Кім көрді мұндай қазаны.
Жарыңмен қоса қат-қабат,
Тәңірдің жетті ажалы.
Жатырсың суық табытта,
Халқымның абзал сабазы.
Пейілің сүттей таза еді,
Көңілің шуақ жаз еді.
Еншісі ортақ ел үшін,
Бұл неткен ауыр қаза еді,
Бұл неткен ауыр аза еді.
Кеудеме өксік тығылып,
Жер тіреп тұрып жығылып,
Кеп тұрмын бақылдасуға,
Арманда кеткен мұңылық,
Арманда кеткен мұңылық.
Бір жылғы туған төл едік,
Бір жүрдік гүлдей құбылып.
Келмеске кетіп барасың,
Қарамай артқа бұрылып.
Көзімнің жасын тыя алмай,
Астына аспан сыя алмай.
Кеп тұрмын сенің басыңа,
Денеңді жерге қия алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғызы едім

  • 0
  • 0

Жалғызы болдым иманды ата-ананың,
Құлыны болдым жусанды жұпар даланың,
Жалбызы болдым бұлбұлды бұлақ жағаның.
Бұла боп өстім, бұғалық түспей мойныма,

Толық

Сөз өнері

  • 0
  • 0

Сөз өнері бірдей екен дертпенен,
Күндіз-түні менің алау – өрт денем.
Батыс, шығыс, онтүстік пен солтүстік,
Боламын да, бір денемді төрт бөлем.

Толық

Талап

  • 0
  • 0

Түйген аз тылсым өмір сырларынан,
Көріну қайда жақсы қырларынан?
«Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер»,
Дәмегөй мен де Абай жырларынан.

Толық

Қарап көріңіз