Өлең, жыр, ақындар

Қайран өлең

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 117
Қайран өлең, құдіретің күшті екен,
Өңім түгіл, өксітесің түсте сен,
Дауа қонбас дерт екенсің мерт етер,
Құтыламын қандай амал істесем.
Сенен қалай құтыламын, білмедім,
Аласұрып таңға кірпік ілмедім.
Дана етіп, дария етіп тербетіп,
Бала етіп тілімді де күрмедің.
Шыға алам ба биігіңе мезгеген?
Жаза берсем, көмір, темір, жез де өлең.
Ақындардың бәрі де ұста ұйқасқа,
Сонда менің айырмам не өзгеден.
Бір айырмам бар ма менің өзгеден,
Малтамды езіп жүрмін бе құр сөзбенен.
Алабұртқан ақын болсам арқалы,
Мақсатым не, айтарым не көздеген.
Не айтсаң да ауыз бердім еркіңде, –
Деп пе Құдай? Қой, қой енді желпінбе.
Жалтақтама, ақын болып туған соң,
Туа шөккір, сарай ақын сенсің бе?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенесің бе, сен бұған сенесің бе?

  • 0
  • 0

Сенесің бе, сен бұған сенесің бе?
Осылай да түсіме енесің бе?
Әлем – теңіз, біз егіз, бір ғажайып,
Құдіреттің келеміз кемесінде.

Толық

Жоқшыдай жоғын іздеген

  • 0
  • 0

Жоқшыдай жоғын іздеген,
Жолаушы жанбыз біз деген.
Қалмады орман сүзбеген,
Қалмады сулар жүзбеген.

Толық

Теңіздей басым шуылдап

  • 0
  • 0

Теңіздей басым шуылдап, толқындай тулар жүрегім.
Он сегіз мың ғаламды жүргендей тербеп бір өзім.
Баласы түгіл адамның әлемде барлық жандыға.
Амандық, саулық, жақсылық бір Алладан тіледім.

Толық

Қарап көріңіз