Өлең, жыр, ақындар

Тозбастай көрме тоныңды

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 61
Тозбастай көрме тоныңды,
«Кім кесер» деме жолымды.
Тобаңнан Алла жаңылтса,
Білмейсің оң мен солыңды.
«Басылмас деме жалыным,
Қайтпайды деме қарымым».
Қонғанын адам білмейді,
Тайғанын білер бағының.
Тау менен тасты жел бұзар,
Арнасын құздың сел бұзар.
Қағынып туған қара бет,
Сөзімен қаңқу ел бұзар.
Қараңғы арты күн болар,
Күннің де арты түн болар.
Асқақтап бүгін жүргендер,
Кім білсін, ертең кім болар.
Тұлпар да тасқа сүрінер,
Сұңқар да торға ілінер.
Басына бұлт төнгенде,
Қараға хан да бүгілер.
Халықтан асқан дана жоқ,
Халықтан асқан пана жоқ.
«Мен, мен» деп, кеуде соғатын,
Сорлыда саңылау, сана жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!

  • 0
  • 0

Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!
Айтқан серттен қалайша тайып кетем.
Аягөзде туылып Баян сұлу,
Туар жері Жібектің – Жайық па екен?!

Толық

Заман

  • 0
  • 0

Заман жақсы, Заң жақсы, Адам бірақ,
Болса екен деп тілеймін табандырақ.
Сатып кетер Отаның опасыз бар,
Ойламайтын қалар деп балам жылап,

Толық

Қарыма талдан құрық ілмедім бе

  • 0
  • 0

Қарыма талдан құрық ілмедім бе,
Жапанда жылқы бағып жүрмедім бе?
Қырық құлаш қыл арқанмен қауға тартып,
Ақжем ғып алақанды тілмедім бе?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар