Өлең, жыр, ақындар

Талаптан

Өтемін десең сараптан,
Оянып жастар талаптан.
Талап тумас салақтан,
Жұрдай болма мұраттан.
Əдеп, мұрал, ұяттан,
Қар жауғызбай қабақтан,
Аулақ болсаң арақтан.
Досыңды алмай тамақтан,
Жақсыны алмай балақтан,
Істеуге еңбек талаптан.
Еңбек білім таратқан,
Бар əлемді өзіне,
Өнер-білім қаратқан.
Білім жолы жіңішке,
Тырнаштап жыи тарақтан.
Дəн толады сабақтан,
Балық өсер шабақтан,
Қарын тояр қалақтан.
Ирадаңды мықтасаң,
Құйғандайын болаттан.
Нұр жауады талаптан,
Білім деген шырақтан.
Сусындауың керек қой,
Ғылым атты бұлақтан.
Білім алған адамға,
Бақытың нұрлы таңы атқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нағыз

  • 1
  • 0

Аттан сап жауға шапса бəрі батыр,
Жауына төндірген соң заман ақыр.
Еш уақыт досын жауға тастамайтын,
Шығады мыңнан біреу нағыз батыр.

Толық

Ұқыпты болсаң өзіңе

  • 1
  • 0

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.

Толық

Шын

  • 0
  • 0

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетелі шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Толық

Қарап көріңіз