Өлең, жыр, ақындар

Қырық күн болды қыс кіргелі

  • 03.02.2016
  • 0
  • 2
  • 5664
Қырық күн болды қыс кіргелі,
Ауыр нәубет жетті елге.
Кетіп қалды құстың көбі
Басқа мемлекеттерге.
Ода оқиды қарға таңнан
Мәртебелі кысты ән ғып:
«Мен хан едім арғы атамнан,
Құл еді, - деп, - құс барлық».
Айтсын қарға, десін құзғын,
Сайран етіп кең ішін.
Ерте кеткен есіл күздің
Қырқы бүгін мен үшін.



Пікірлер (2)

Жəлел

Ғажап қой..

Нүсіпова Нұргүл

Сөз жоқ, керемет.Поэзияны сүйіп оқимын,ой салатын тұшымды, әсерлі өлең оқысам қуанып қаламын.

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 1

Бұлттарын түйдек алып кеп,
Жасаулап туған мекенін,
Сары мақпалмен әдіптеп
Келінтөбенің етегін;

Толық

Жүреді әжем "құрғырлап"

  • 0
  • 0

Жүреді әжем "құрғырлап",
Асыр да салып жатамыз.
Білдірмей келіп, бір күнде-ақ
Бойжетті екі апамыз.

Толық

Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда

  • 0
  • 0

Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда,
Зуһра деген бір қыз бар-ды Қашқарда,
Сол екеуі таң қалысты әуелі,
Бала шайыр жырдан жауһар шашқанда.

Толық

Қарап көріңіз