Өлең, жыр, ақындар

Айдаһарды арбау

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 62
Жағып күймен отты да,
Табады екен жоқты да.
Жыршы, күйші, көріпкел,
Би де бопты Кетбұға.
Ғажап дейді ел үні де,
Өткір екен тілі де.
Тап болыпты ол бірде
Айдаһардың ініне.
Айдаһар іннен шығады,
Маңай тегіс тынады.
Кетбұғаны көріп ол
Жұтпақшы боп тұрады.
Таусылған ол амалы,
Жерге отыра қалады.
Айдаһардан қорғанып
Қобызды қолға алады.

Күйші ғой ол арқалы
Сұңқылдатып тартады.
Айдаһардың күйге бұл
Кетеді еріп жан-тəні.
Келген еді құнығып,
Көзі ашылып, жұмылып,
Шарасыз күй кешеді,
Тұрып, қайта жығылып.
Күй от болып жетеді,
Өңменінен өтеді.
Айдаһардың өзегі
Жанып ұйықтап кетеді.
Естіп тау, тас, көл күйді
Тау құлап, су толқиды.
«Айдаһарды арбау» деп
Тартып жүр ел сол күйді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кішіпейіл

  • 0
  • 0

«Мен-мен!» демей «Біз» десе,
Үлкендерге «Сіз» десе,
Ізетті боп өзі де,
Елден ізет іздесе,

Толық

Әулет әліппесінен ақыл-нақыл

  • 0
  • 0

Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп-тұру керек!
Жеті жасқа жетпей бала
«Жеті атасын» білу керек!

Толық

Жақсы бала

  • 0
  • 0

Ашуға ырық бермесе,
Кісі сөзін бөлмесе,
Əрі əдепті сөйлесе –
Жақсы бала –

Толық

Қарап көріңіз