Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 116
Еділдің бойын жайлаған,
Мыңғыртып малын айдаған,
Алтын Орда атты ел болған,
Ақтұма, Бозаң сияқты
Байлыққа тұнған жер болған.
Рубасы, елдің ақыны
Қазтуған атты ер болған.

Алдағы күнді болжаған,
Болжауы қате болмаған.
Ағылтып жырды толғаған,
Толғаса, елі қолдаған.
Құстары-бұлбұл сайраған,
Жері де гүл-гүл жайнаған,
Желіге бие байлаған,
Жау шауып, Алтын Ордаға,
Еділден бірде ел айырылған.
Қанаты сөйтіп қайрылған,
Ұлы мен қызы қайғырған.
Қоштасып сонда Еділмен,
Қазтуған ақын егілген.
Аңсап атамекенін
Көз жасы көл боп төгілген:
«...Қайран да менің Еділім,
Жатжұртқа қияр сені кім?!
Есімнен қалай шығады
Өзіңде өткен өмірім?!
Қайғымды бірге бөлісіп,
Қайырымды елге болған жер.
Төс қағысып көрісіп,
Ноғай, қазақ қонған жер.
Ырыс пен құтқа толған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған
Қайран да менің Еділім...»
Қоштасып елі Еділмен,
Қазтуған батыр егілген.
Адырнасы оның аңырап,
Қабырғасы оның сөгілген.
Сағынышы бұл ақынның
Күй болып əрі өрілген.
Іштегі дауыл, жарылыс,
Арпалыс асау ағылыс
Мұңды бір күйге айналса,
Атапты ел оны «Сағыныш».
Жан болса егер ұғынар,
Бұл күйде заман сыры бар.
Береке-бірлікті аңсаған
Халықтың зары, мұңы бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ең тəтті мен ең ащы

  • 0
  • 0

– Ең, ең тəтті не өмірде? –
Деп сұрап едім мен бірде,
Балалар бірден ойланбай,
Келісіп бəрі қойғандай:

Толық

Орманның біз қорғаны

  • 0
  • 0

– Орман кімнің орманы,
Кімдер оның қорғаны?!
– Орман – Адам орманы,
Бізбіз оның қорғаны!

Толық

Ертегі туралы ертегі

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ерте еді,
Жоқ ол кезде ертегі.
Бар арманын бір бала
Болғандай ғып шертеді.

Толық

Қарап көріңіз