Өлең, жыр, ақындар

Атам мені мақтайды

  • admin
  • 28.02.2024
  • 0
  • 0
  • 93
Оқып жүрмін «Əліппені»,
Білем барлық əріптерді.
Берші кітап, қағаз, қалам,
Оқи да алам, жаза да алам.
Қосу, алу – бəрін білдім,
Сурет те салып жүрмін.
Жаттап, күнде тақпақ айтам,
«Жарайсың!», – деп мақтайды атам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балықшы

  • 0
  • 0

Кейде суға шүйіліп,
Кейде биік заулайды.
Көктен төмен құйылып,
Көлден балық аулайды.

Толық

Көгершінім

  • 0
  • 0

Доспыз біздер қанша жылдан,
Оған күнде шашамын дəн.
Сипалаймын мойынынан,
Аяғының шашағынан.

Толық

Намыс

  • 0
  • 0

Намыс – алға самғауың,
Қатарыңнан қалмауың.
Сүю Ана тіліңді,
Болу əрі білімді.

Толық

Қарап көріңіз