Өлең, жыр, ақындар

Ұйқысыз түн

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 26
Ақ пен пәкке ұмтылады жан, арым да,
Ойланбадым мұңнан көрпе жабарымда.
Қайтем енді, жоғалттым ғой мен өзімді,
Күзгі бақта, қоңыр қыздың жанарында.
Сәлем, аспан! Арызым бар көктегі Айға!
Жылу күтем бір жолаушы өткен бойда.
Мен келемін сұрқай күзде тұнжыраңқы,
Сен айтқансың келеді деп...
Көктем қайда?
Сүюші едің бұл ғаламда күнді, мені,
Есетұғын сағыныштың түнгі лебі.
Бізді тағдыр қосқан, бөлген аялдама,
Мен жалғызбын...
Күтіп тұрмын кімді, нені?..
Нұр жинайды ақ төсіне мұңнан Ай тек,
Сұрай көрме бүгін менен күн қандай деп.
Мен...
Ескі үй...
Қараңғылық суық құшқан,
Жұдырық қан...
Көзімде жас...
Сынған әйнек...
Бет жүзімді жуып жатыр сұйық қайғым,
Сұлық кеуде тоңа берді. Суық па-ай түн?
Жүрегімді тырнамашы, түн қайғысы!
Қойшы бәрін...
Шаршадым мен, ұйықтаймын.
Ұйықтай алсам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен күткен көктем

  • 0
  • 0

Гүлім менің, жазым менің, көктемім!
Сеніменен мақтанады текті елің.
Қуантуға жабырқаған күздерді,
Көктем болып бұл өмірге кеп пе едің?

Толық

Ғаламшар

  • 0
  • 0

Мынау аспан, анау күн,
Кеңдігін-ай даланың.
Айналама сүйсініп,
Көзім тоймай қарадым.

Толық

Жапырақпын

  • 0
  • 0

Тал өмірге жармасқан сырға, жаным,
Қобызына шанақ болдым жыр даланың.
Алматым-ау, терезеңнен мұң ағады,
Тамшысымын жылап тұрған бұл қаланың.

Толық

Қарап көріңіз