Өлең, жыр, ақындар

Арман жолындағы арғымақ

???? Арман жолындағы арғымақ????

Тұсау салып қойғандай өмір маған,
Керме жібін үзе алмай көңіл де алаң.
Жазмышымның жүктерін арқалауда,
Бір Көмегің керек -ау сенің маған .

Албырт көңіл асаудай алабұртып,
Саған асық,әйтеуір ,саған ынтық.
Тәуелділік дертімен төбелесіп,
Сағатыммен жатамын жаға жыртып.

Неге осынша беймаза кейіптемін?
Биік пе едің,жоқ әлде күйік пе едің?
Өлеңімді оқыған былай тұрсын ,
Керегімді байқамас сүйікті елім...

Білем,түнім ұзақтау таңнан гөрі,
Осы түндер шідерлеп алған мені.
Тағдырымның тұсауын үзіп тастап,
Саған қарай шабамын,Арман жолы .

﹉Тлеухан Дәурен



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кесінді...

  • 0
  • 0

Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.

Толық

Бала аспанның жұлдыздары

  • 0
  • 0

Көрдің бе түннің мына тылсым нұрын?
Паш етіп бір сұмдығын.
Жанарымды еріксіз еліктіріп,
Жүргімді жұлдызға жерік қылып,

Толық

Аңсау

  • 1
  • 0

Мүсін бар, бірақ сол жан табылар ма?
Тұрады солғын тартқан сағым алда.
Адамнан ең аяулы айырмайтын,
Ажалдан арашалар дәрі бар ма?

Толық

Қарап көріңіз