Өлең, жыр, ақындар

Анама

Анам саған жыр жазармын әлі көп,
Тұрса егер қаламымның әлі кеп.
Сен туралы ой толғасам тұрады,
Таңдайыма ақ сүтіңнің дәмі кеп.

Өзің барда мен баламын әлі де,
Сен бұйырсаң дайын тұрам бәріне.
Маған сақтап жан қалтаңда кірлеген,
Кетік құрттың не жетеді дәміне.

Жаным ана әніңді айтшы тыңдайын,
Қайта өңдеп мен өзіңе силайын.
Күнде оқып өмір сырын ұғынам,
Бетіңдегі әжімдердің шимайын.

Сен күрсінсең мына әлем күңіреніп,
Құлазимын жабырқаңқы күйге еніп.
Ана сені жырлай берем жалықпай,
Тіл байланып қалғанынша күрмеліп.


Жігерімді мейіріммен жаныған,
Сен мұңайсаң мен өлердей қамығам.
Өйтетіні ақындығым сен айтқан,
Бесік жырдың құдіретінен дарыған.

Өмірден өткен Зібилə Ниязбек қызы анамызға арналады



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Азамат деген ардақты ат

  • 0
  • 2

Қалмаса жолда үміті елдің ақталмай,
Алқалар халқың шыдасаң өзің мақтанбай.
Ілтипат етіп ісіңе сенің сүйініп,
Ардақтап айтса азамат деген ат қандай.

Толық

Мансаптың буы

  • 1
  • 5


Әй бауырым,осы күнде досың көп,
Дос болады бейтаныс жан тосын кеп.
Бірге туған туысыңдай елжіреп,
Жүретұғын жөн жоралғы жосын көп.

Толық

Қажеттісі ат маған

  • 0
  • 0


Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Аттан десе “A құдайлап” аттанам.
Өйтетіні қасиеттеп тұлпарын,
Бабаларым маңдайынан қақпаған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар