Өлең, жыр, ақындар

Абыл мен Балдай қыз

  • 04.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1957
Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.
Бiр емес, жеңiлiптi бiрнеше рет,
Жүректерден шалқыған үндесiп от.
“Қызыл тiлдiң қылышы дүр ақынның”, -
Таңданыпты қалың жұрт:
- “Бұл несi?”, - деп!
“Жазайыншы дертiмнiң сыздатқанын,
Қалмау үшiн тамырда мұздап қаным”, -
Дедi ме екен,
Ұзатылып кеткен қызды,
Жеңiлiптi тағы бiр iздеп барып.
Кей сөз – бақыт,
Кей сөзден басы кетер,
Ақын өмiр – дария тасып өтер.
Он сегiзде бүр жарған Балдай қызға,
Өйткенi: кексе жырау ғашық екен.
Сол ғой жанын түсiнiп, ұғатын да,
Тұңғиықтан сол алып шығатын да.
Шын ғашықтың алдында жеңiлу – шарт,
Лебiзiне елтiген шын ақынға.
“Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,
Бал татыр жесе шекер таңдайымыз”.
Ақын жүрек қашанда ғашық болғыш,
Бiздiң де болар ондай-ондайымыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағындырды, аңсатты

  • 0
  • 0

Сағындырды, аңсатты,
Самал желді, құба түн.
Сағындырды аңсатты,
Жайлау, сенің шұбатың.

Толық

Шілде

  • 0
  • 0

Ақшағыл бастырмайды қызып кеткен,
Балқырдай күн көзінен шыжып бөктер.
Астынан аяғыңның көтеріліп,
Құйындар мазақ етер,

Толық

Қой мен қойшы

  • 0
  • 0

Шіліңгір шілде ішінде
Күн тиіп азап тартасың.
Ішкізер еді — дом үшін де
Қара қойдың сорпасын.

Толық

Қарап көріңіз