Өлең, жыр, ақындар

Мәуліт күні

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Бәріміз Пайғамбардың үмбетіміз,
Оны ұлықтау біздердің міндетіміз.
Тура жолды нұсқаушы Пайғамбарды,
Жақсы көру парыз бен міндетіміз.

Жазылған өлеңім бұл жерде қалмай,
Тыңдайды мұсылман дос,жаранымыз.
Қаншама рет айтқанмен толастамас,
Сан салауат,тіпті айтқан мадағымыз.

Берік болып жүрейік дінімізге,
Шүкір айтып өткен әрбір күнімізге.
Мұсылманның барлығы туысқандар,
Қамқор болып жүрейік бірімізге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог

  • 0
  • 0

Жігіт: Сəлем сұлу қалай екен жағдайыңыз?
Қыз:Жақсы бəрі! Неге сұрап алаңдайсыз
Сұлуым ау неге маған кей кездері
Түк мəн бермей тіпті мүлде қарамайсыз

Толық

Атама деген сағыныш

  • 0
  • 0

Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?

Толық

Бақытты балалық шақ

  • 0
  • 1

Шоққа піскен картоптың дəмі кетпес аузыңнан,
Жейтініміз шекер мен дəмі тəтті қатқан нан.
Ұйқымызды қандырып түске таман тұрамыз,
Күні бойы безілдеп кешкі 10-да жатқаннан.

Толық

Қарап көріңіз