Өлең, жыр, ақындар

Бақытты балалық шақ

Шоққа піскен картоптың дəмі кетпес аузыңнан,
Жейтініміз шекер мен дəмі тəтті қатқан нан.
Ұйқымызды қандырып түске таман тұрамыз,
Күні бойы безілдеп кешкі 10-да жатқаннан.

Жаңбыр жауса қуанып топырақпен ойнаймыз,
Түрлі зəулім үй салып бітірмейінше қоймаймыз
Ойын ойнап сан түрлі,терлеп-тепшіп күніге
Əрбір күнді мейрам деп шат шадыман тойлаймыз.

Ақсүйекті ойнаймыз, батса күнің батысқа,
Жаны құмар жігіттің қырғын,шайқас,атысқа.
Көлге барып жүземіз əрлі-берлі тырысып,
Төтеп беріп тұрамыз қарсы келген ағысқа.

Қолға алып таяқты "шу,жануар,шу!" дейміз,
Бала кезде уайымның не екенін білмейміз.
Қонақ берген ақшаны алып қойса анамыз,
"Менің ақшам қайда?" деп алмайынша тергейміз.

Күс-күс болып бетіміз,жарылады қолымыз,
Қайда екенін білмейміз біздің оң мен солымыз.
Тек ойынды аңсайтын періштедей пейілмен,
Тоғысады достармен даңғыл дара жолымыз.

Ақсерек пен көксерек бізді көкке сергемек,
Сол ойынды ойнауда біраз шаршап,терлеп ек!
Ұлдарымыз ағашты тұлпар қылып шабады,
Жүргендей боп бəйгеде ойын сансыз зерделеп.

Əр күн,əр түн толушы еді қызыққа,
Ойнаушы едік күнге шыжып қызыпта.
Естен кетпес бал дəурен күн балалық,
Еске алсаңыз сол бір сəттер қызық па?

Сəби кезде қателессең ештеңеде етпейді,
Балғын дəурен,жастық шағың мүлде естен кетпейді.
Қайта оралмас қызық күнге білсеңіз
Еш уақытта еш нəрседе жетпейді.



Пікірлер (1)

Ақерке

осының музыкасы бар ма или ютубтан қалай табамыз

Пікір қалдырыңыз

Мәуліт күні

  • 0
  • 0

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Толық

Атама деген сағыныш

  • 0
  • 0

Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?

Толық

Қадірін жоғалтқан қарт (қазіргі қарттар жайлы)

  • 0
  • 0

Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.

Толық

Қарап көріңіз