Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 20.04.2018
  • 0
  • 0
  • 5384
Сағынамыз әркез осы көктемді,
Келіп көктем әкелді міне көктерді.
Жайқалып тұр көктемі мен көктері,
Бағалайық келген осы көктемді.

Ей адамдар қалмайық біз қапыда,
Жайнатып бір тастайық дала бөктерді.
Біріміз гүл, біріміз тал қондырып,
Қимылдайық, сауапқа толы сәт келді.

Ал, ендеше шығайықшы далаға,
Ұшып келді суық жақтан тырна да.
Хабарласып табиғаттың хәлімен,
Келді ме деп көктем және тағы да.

Айналамыз толды ғажап әсем сұлу гүлдерге,
Гүлдерменен жайқалады асу-асу белдерде.
Жазық дала, әсем қала болады бәрі тамаша,
Көктем келді, көктем келді деп қауанар бала да.

Ойланыңдар, зер салыңдар қараңдар,
Осындай бір сұлулықтың қайдан келген жайы бар?
Ей адамзат ұмытпайық, ұмытпайық бұл жайлы,
Төрт мезгілдің ең сұлуын көктем етіп жаратқан,
Бас иеміз нәсіп еткен, көктегі Алла тағалам.

Рахмет айтам өлеңімді оқыған,
Жандар болса Құдай қолдап жасынан.
Осыменен өлеңімді тәмамдап,
Қоштасайық өлең сүйгіш оқырман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туылған күн иесіне тілегім

  • 0
  • 0

Туылған күн иесіне тілегім,
Мықты болсын арқа сүйер тірегің.
Құдай қосқан достарымның бәріне,
Зор денсаулық ұзақ өмір тіледім.

Толық

Еркелейді бүлдіршін

  • 0
  • 0

Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.

Толық

Адамға өмір сынақ

  • 0
  • 1

Өмір-өзен жылжып өтіп барады,
Біреуге жай, біреуге тез ағады.
Байқамайды, бірақ, шіркін адамдар,
Уақыт қалай жылдам өтіп барады.

Толық

Қарап көріңіз