Өлең, жыр, ақындар

Алтын адам

  • 17.04.2015
  • 1
  • 10
  • 48949
Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.
Білмейміз саудагер ме, қол басы ма?
Сараң ба, алтын үшін қалтыраған?
Сары алтынның белгілі нарқы маған,
Қайда, бірақ алтыннан артық адам?!
Кім болды екен алтынмен аптайтындай,
Алтын жиған шонжар ма, жатпай-тұрмай
Кім де болсаң,
Ей, пенде!
Күн кештің ғой,
Ажал келсе алтының сақтайтындай,
Алтын табыт ішінде жатпайтындай...
Шежіремді ұрлапты...
Зулапты күн.
Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.
Алтын адам шынымен қазақ болса,
Білген екен құнының қымбаттығын!!!



Пікірлер (10)

Алихан

Керемет

Албина

Керемет

Алия

Күшті

Майра.

Ақындығы аққумен үндескендей ғажайып ақынның Алтын адам деген өлеңін ашық сабаққа пайдалану үшін іздеген едім. Ұлы даланың жеті кереметінің бірі алтын адам деп отырмыз ғой, ұлы ақын осыны сезгендей ақ өлең арнаған екен. Ақынның биік талғамы, таланты осы өлеңнен- ақ байқалып тұр емес па.

Arsen

өте жақсы маған ұнады осылай өлеңдерді жіберіп тұрыңдар

Aisha

ия маганда кыс деген олени каттыы ұнады

Aisha

Кыс деген олен керемет екен

Ерден

кушті

Айгүл

Бұл өлең өте қызықты екен керемет.

Пікір қалдырыңыз

Қысырақтың үйірі

  • 1
  • 2

-Бағасың! - деді бастығым,
-Бақпаймын! - дедім, бала едім.
Артым бос, айтар тасбуын,
Жоқ-тұғын менің дәлелім.

Толық

Сәби - ана

  • 1
  • 42

Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.

Толық

Отыздан асып барамын

  • 2
  • 10

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.

Толық

Қарап көріңіз