Өлең, жыр, ақындар

Өлім жоқ

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1666
(Николай Островскийге)

Гүлденіп талант құлпырып,
Сәулеленсе көрмеде,
Талпынып асқар құзына
Ойнақтаса көрмеде,
«Ұланым» деп сүйер жұрт
Сұңқарына теңгере
Жұрт сүйгені өлместік
Атақ болар пендеге,
«Шынықтырып болатты»
Басқан көрік терлене,
Жоғалмастық ол мұра
Тарихтайын көмбеде,
Ол мәңгілік жүректе
Түспе ойыма әр неме...
Бізде өлмейді ардақты ат,
Жоғалады тән - дене.
— Е десе қара жамылып
Қайғырамын мен неге?
«Өлім» деген атақты
Жоймайсың, өмір, сен неге!
Берем бұйрық өлімге
Үзем торлы көгенін,
Бізде қымбат тіршілік
Біздің елде жоқ өлім,
Бізде үнемі қуаныш
Далам гүлді көк өрім,
Бізде өшпейді ардақты ат
Жоғалтпайды бөбегін,
Бізде нұрлы алтын таң.
Тапшы өлімнің себебін?
Бар елімнен естіледі
Островский деген үн,
Оған мәңгі ескерткіш
Менің өткір өлеңім.
Оның атын алтынмен
Айшықтаймын теремін,
Ол өмірлік тірі ұлан
Ол қатарда, сенемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақташы мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Талда бұлбұл, жерде гүл,
Төгілді әсем ақты жыр.
Толқыды үні терең сыр...
Бөленді сазға ой мен қыр.

Толық

Жаңбырлы күні

  • 0
  • 0

Күркіреп күн, көктеп жаңбыр құйылды,
Жарқыл қақты нажағайын үйірді...
Лезден - ақ даланы сел қаптады,
Су кернеді сай-саланы, қиырды.

Толық

Бір сұлуға

  • 0
  • 0

Ей, сұлу қыз,
Сен ащы тұз,
Дәмсіз онсыз махаббат.
Тісің алтын,

Толық

Қарап көріңіз