Өлең, жыр, ақындар

Түн қатады партизан

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3183
Қаңтар күйі қарт боран
Жынданады айғай сап,
Аш арыстан сымбатты
Азу тісі сақылдап.
Абыржымай, ақырын.
Теңселеді қара орман,
Мұздай темір құрсанып
Түн қатады партизан.
Түн қатады партизан,
Қар құшады, мұз жайлап,
Қалтырамас біреуі,
Көр қылсаң да ойбайлап.
Қатал, қайсар жүрегі
Қайтпас боран кәрінен,
Қымбат елдің намысы
Партизанға бәрінен.
Жүрегінде тулаған
Намысы бар, ары бар,
Жауда қалған елі бар
Қайғысы бар, зары бар.
Қан жас аққан көзінен
Ыза менен мұң батып,
Қатын, бала кегі үшін
Жүрген жандар түн қатып.
Ауыр қолы бұлардың
Қарулары алмастан,
Қалтырайды фашистер
Маңайына бармастан.
Қатал, қатал партизан!
Қаңтардан да алды тар,
Қатал бол деп үйреткен
Туған бала, сүйген жар.
Бұрқылда боран жындана!
Кең даланы қар бассын,
Кегін алсын партизан.
Фашистерді қан бассын!
Қара орманды шайқалтып,
Кәрі еменнің басын ай!
Қан жорықтан оралып,
Партизандар тартсын сый.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самолет

  • 0
  • 0

Аспанды кезе көк бойлай,
Саңқылдады самолет.
Ойынына бір тоймай,
Таңырқады жер мен көк.

Толық

Екі өзен

  • 0
  • 0

Мыңдар жыл аққан кәрі Еділ
Қасқая тіліп жерімді,
Келмеген кім бар саған бір,
Сүймеген кім бар Еділді.

Толық

А.С.Пушкин

  • 0
  • 0

Отты жүрек,
Өткір сөз, ақыл кені,
Сен өмірдің
Тереңнен ұқтың тілін.

Толық

Қарап көріңіз