Өлең, жыр, ақындар

Қызғалдақтар

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4618
Басқа күнге ұқсамайды бұл күнім,
Бұл не ғажап қаптап кеткен бұлбұл үн.
Көктем қыздың тарамдалып төсінен,
Бұралады сұлу толқын мың бұрым.
Дала бейне жаралғандай жалыннан,
Алаулаған қызғалдаққа малынған.
Ақша бұлттар ақ шымылдық сияқты,
Тау қария жасыл мақпал жамылған.
Күмбірлеген күйге толып маңайым,
Өткен күнге өкінішпен қараймын.
Ғажапсың ғой туған жердің көктемі,
Самалыңа қолаң шашты тараймын.
Кетті нөсер дала шаңын тазалап,
Отыр міне ойлар тағы мазалап.
Жалынға орап жатқандай бір жер төсін,
Қырда қызыл қызғалдақтар ғажап-ақ.
Тыңдауға әсте құмар жаным қыр әнін,
Көңілімді күй сазына бұрадым.
Төнсе-дағы қанша бәле төбеңнен,
Кетпеспін мен қиып сені бір адым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқыдан теңіз оянып

  • 0
  • 0

Жаздың жайлы бір кеші еді,
Жағаны ымырт жайлаған.
Сусылдап толқын еседі,
Жұпар иіс бүркіп айналам.

Толық

Айлы түнде

  • 0
  • 0

Жолаушылар ағылады, тынбайды,
Теңіз үні толастамас түнде айлы.
Сұлу толқын ақ сәулеге малтығып,
Самал есер, еркелеткен тым жайлы...

Толық

Қосмола

  • 0
  • 0

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,

Толық

Қарап көріңіз