Өлең, жыр, ақындар

Халық әні

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2252
Халықтың аялаған әні,
Барады аспанға өрлеп аруағы.
Кім айтар, ел өнерге жарымады,
Табылар, тал бойынан бәрі-дағы.
Халықтың ғасыр бойғы ару әні,
Естіген көңіл мұңнан арылады.
Жаныңа қандай жақын бәрі-дағы,
Жатыр ғой игерілмей дарын әлі...
Халықтың қасиеттеген ару әні,
Қуанбай, әннен қалай жалығады.
Қайда барсаң:
Бір үйде бір домбыра,
Бапкері жүйріктердің табылады.
Жұрт әнге түсінген соң табынады,
Дей алман, маған неге дарымады.
Баурайды, балқытады бал сезімді,
Айтшы деп, ынтық жүрек жалынады.
Халықтың ғажайып қой сазы, әні,
Байлығы, базар, тойы базыналы.
Әндетсең бауырың кең жазылады,
Бақыт-ау, жұртым менің қазыналы.
Әсем ғой, әсерлі-ақ қой, халық әні,
Көңіл хошы, рахаты, әрі жаны...
Естіген ескі көңіл босай түсіп,
Ақсақалдар ағынан жарылады.
Халықтың қанға біткен ару әні,
Аңсайды, айтпай жүрсең сағынады.
Сырың мол, сипатың да мағыналы,
Саған ғана жүрегім бағынады!..
Кейбіреуден қанша ма,
Қасиет көрем.
Кейбіреуден сонша ма қасірет шегем...
Жүрекке сыршылдықпен жететұғын,
Артықсың, бәрінен де қасиетті өлең!
Тоқтамайды, күтпейді уақыт деген,
Өмірден аз-кем ризық татып келем.
Жақын деген жат болып суысады,
Суыспай, туысады бақытты өлең!
Шаршаймын, шаттанамын,
Жолдар кешем,
Төбешік боп қалады заңғар десем...
Қақтығысы болмаса бұл өмірдің,
Жақсылық, жамандық не?
Аңғармас ең!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Естай ауылына барғанда

  • 0
  • 0

Иіліп тағзым еттім,
Естай ақын,
Келеді жүректерде өшпей атың.
Артыңда ұрпағың бар қашан дағы,

Толық

Таң атарда

  • 0
  • 0

Таң атарда шығыс жанып алаулар,
Алаулардан оралғандай аяулы ар.
Алатаудың шыңдарынан аспанға,
Желбіреген өрттей қызыл

Толық

Жағалаудағы ескерткіш

  • 0
  • 0

Жалғастырып кеттік біз саяхатты
Жанымыз жағалаудан сая тапты.
Еңселі ескерткіш тұр асқақ қарап,
Кескіні ойлы өрі парасатты,

Толық

Қарап көріңіз