Өлең, жыр, ақындар

Көңіліме күй орап

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1839
Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.
Өсектесе кейбіреулер күңкілдеп,
Оған көңіл бөлмеймін де кімсің деп.
Туған жердің топырағына гүл егем,
Іздерімде жайқатылып тұрсын деп.
Кейде мұңмен іштей жүдеп бұйықсам,
Ауыр ойлар жаныштаса иықтан.
Достарым бар қуанатын жақсыма,
Алып шығар мені осынау тұйықтан.
Қуанады биіктесем достарым,
Қуанады аласарсам қастарым.
Көңілім ғой адал досқа тосқаным,
Жүрегім ғой айқара мол ашқаным.
Кейде өңімде қуаныш бар, жасу бар,
Кейде өткел бермейді де асулар.
Бәріне де мойымайтын жүректе —
Ыстық қан бар, ашыну бар, ашу бар.
Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іздерсің сонда

  • 0
  • 0

Ауылға, достар, ал кеттім,
Серігім болар кімің бар.
Келеді кейде әндеткім,
Соны ұғып жұлдыз жымыңдар.

Толық

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Күй

  • 0
  • 0

Сөз етіп жүрген мен жоқ ішкен шайды,
Шерт, күмбірлет, төгілдір "Кішкентайды"
Алакөлден қиқулап аққу ұшып,
"Кішкентайдан" тарқасын іштен қайғы

Толық

Қарап көріңіз