Өлең, жыр, ақындар

Өмір жолың тарам-тарам білгейсің...

Өмір жолың тарам-тарм білгейсің!
Өмір жолың тарам-тарам білгейсің
Түзу жолдың қайсысы екенін білмейсің
Адасып барып,шатасып талып
Содан кейін өз бағытыңды түзейсің.

Қиналарсың,зар жыларсың,өлмейсің
Өлмеген соң барлығына көнгейсің
Сабыр кілтін өз қолыңда ұстасаң
Сонда ғана тура жолды көздейсің

Өліп-өшіп аймалайды азаптар
Жұбатады болар-болмас ғажаптар
Ең сұмдығы табандарда тапталу
Мұндай сынға шыдамайды қазақтар.

Сезімім бар,жан дүнием бар асылдан
Тәңірімнен тек жақсылық сұрағам
Сақтай гөр деп адасудан қазақты
Жастарымнан иманды жолды сұранам.
Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда
Бей-берекет ашуланба,шашылма
Қанағат қыл жазғанына тағдырдың
Жүрегіңді бір Аллаға ұсын да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз