Өлең, жыр, ақындар

Зоопаркте

  • 18.04.2015
  • 0
  • 0
  • 8456
Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда,
Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға.
Аңырып, шуылдасып қалатынбыз,
Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда.
Селк етіп, бір теңселіп, тал қалатын,
Шиқылдап сорлы шымшық зар қағатып.
Ұшып бара жатып-ақ, бір шоқып жеп,
Жыртқыштың тұяқтары қанданатын.
Біздер солай көріп ек тағылықты,
Темір торға, мінеки, жабылыпты.
Екі көзі қанталап, қағынып тұр.
Тағылықтың не деген жаны мықты!
Ет тастасаң бір кесек лақтырып,
Шоқымай-ақ жұтады бір-ақ қылғып.
Қанша әлсіздің мойныңда қаны бар деп,
Мен ішімнен жыртқыштан сұрап тұрмын.
Кішісі де, жыртқыштың, ірісі де,
Опа қылмас әлсізге бірісі де.
Ілуші едің іргеде балапанды,
О, кішкентай қанішер, тірісің бе?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апырмай, туған жер-ай

  • 1
  • 19

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.

Толық

Тауда өстім

  • 1
  • 5

Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.

Толық

Басымнан қорқам

  • 1
  • 2

Мен басымнан қорқамын атом ба деп,
Бір әлемет жасалып жатыр ма деп.
Мұндай-дағы сұрапыл тап болар ма,
Өзі болған өзімен пақырға кеп.

Толық

Қарап көріңіз