Өлең, жыр, ақындар

Қиял туралы

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2308
Қиял кеп кейде оралса аулақтағы,
Қиын ба ойдың отын лаулатпағы.
Жақсы арман кімнің жанын жылытпады,
Кімдерді төсегінде аунатпады.
Жақсы арман жағып қойған жарығындай,
Сезілмес басқан ауыр салмақ - тағы.
Турады не қаласаң алдыңа кеп
Секілді алтын балық қармақтағы.
Балыққа қызықпаймын аламын деп,
Аунатып алтын торға саламын деп.
Қорқамын бүгін емес, ертеңімнен
Армансыз қартайғанда қаламын деп.
Қиялдың шабыт берер өзі жақсы
Жылда егіп, жылда өсіріп алары көп.
Жылы түн, жайлы төсек алдама сен
Шалдың да себері бар, орары көп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Диалог

  • 0
  • 0

– Мыналар кімдер, қаптап бір келген осында,
Турасын айтшы, осының бәрі досым ба?
Қайсысын, қалай қадірлеп қарсы алайын,
Жауымды көрсең атап айт атын, жасырма.

Толық

Ашу үстінде

  • 0
  • 0

Сендер мені санамаңдар өлгенге,
Айтарсыңдар «өліпті» деп көмгенде,
Айтарсыңдар «жеңілді» деп жеңгенде,
Жеңбейсіңдер, жаным барда кеудемде.

Толық

Алматыда түсімде

  • 0
  • 0

Жүр екенмін Алматымда түсімде,
Жанды жапырақ, жарқын гүлдер ішінде.
Жүрмін кезіп көшелерін өңімдей,
Сағыныппын, көргім келед ерінбей.

Толық

Қарап көріңіз