Өлең, жыр, ақындар

Ақыл

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1718
«Алыста періште бар,
Барсаң шайтан шығады».
(халық сөзі).

Жақсының атын біліңіз,
Жақындап бірақ бармаңыз.
Қашықтау одан жүріңіз,
Қызықтырғанға нанбаңыз.
Алыстан әркім періште,
Не керек одан өзгесі.
Не керек босқа бұзылу
Сайтандармен кездесіп.
***
Айтайын десем айқайға басып бірдеңе
Жалынып, досым - үндеме дейсің, үндеме.
Үндемес болсам, айтпайтын болсам бірдеңе
Көрсетіп бәрін тұрады маған күн неге?
Көрсетіп бәрін тұрады маған күн неге?
Жарықты сыйла дейтұғын шешем, - кірлеме.
Қит етсе, досым, үндеме дейсің, үндеме,
Үндемес болсам берілген маған тіл неге?
Айтатын шешем:
– Әділ бол дейтін мінбеде.
Сұмдарды сына, жамандық отын үрлеме.
Оза алмас болсаң озатындарды күндеме,
Күндейтін болсаң өле қал, балам, үндеме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол бойында

  • 0
  • 0

Бұл не деген Сарыарқам мол дүние,
Қазақ бұған боп келген қалай ие!
Теріскейге көктемі кеп қонып жатса,
Түстігінде сарғайған шөбі күйіп.

Толық

Тағы да «Қайратқа»

  • 0
  • 0

«Қайрат қылмай сен жүрсің,
«Қайратым» деп мен жүрмін.
Жеңілумен сен жүрсің,
Жеңеміз деп мен жүрмін», -

Толық

Қабырың ерте қазылды

  • 0
  • 0

Қалтырайды жерден ағаш,
Төгіледі жапырақ.
Құйылады көзімнен жас
Мұңлы жаным «ах!» ұрады.

Толық

Қарап көріңіз