Өлең, жыр, ақындар

Ауылым

  • 30.03.2019
  • 0
  • 0
  • 5937
Ауыл жайлы жазалмай көптен өлең,
Білмеймін неге екенін, көп бөгелем.
Сол ауылдың суын ішіп, шаңын жұтып,
Көгеріп көппен бірге көктеген ем.
Ауылым-алтын тұғыр бақ тұрағым,
Өзіңнен жадау жаным, тапты бағын
Төсіңде өсіп-өніп бағым тасып,
Бой түзеп, өзгелердей сап құрадым.
Ауылым-ашық болсын мәңгі аспаның.
Аспаныңда қалықтасын ән дастаным.
Төріңде ойын-сауық үзілмейтін,
Мәңгі аман болсыншы, жан достарым.
Арман мекен баптаған бала қыран,
Қатайғанша демеген қанатынан.
Ауыл жайлы ойласам сағыныштан.
Көңілімді басады ала тұман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің университетім

  • 0
  • 0

Білім және ғылымның әр саласын,
Тек АӘИУ-дан табасың, тамсанасың.
Үйәретуден талмаған қанаттары,
АӘИУ-дің ұстаздары мың жасасын.

Толық

Қарап көріңіз