Өлең, жыр, ақындар

О, жігіттер

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3476
Ал, құрбым, көлік дайын жүр кетелік,
Жолдардан бізді күткен бірге өтелік.
Алатауым — ақ отау мың сан қонған,
Көгілдір сағым биік түр көтеріп.
Ән-күйдің, төгілдірген жырдың елін,
Көруге біз асықпыз Сырдың елін.
Ақ күріш дариясынан маржан сүзіп,
Құрбыларым сыбанып жүр білегін.
Ақ құспен зымыралық асулардан,
Кеудемде бұлақтайын тасулы арман.
Сұлу Сыр сылаңдаса назын айтып,
Жағадағы жас қайың шашын жайған.
Алыстарға шақырып жол тұрып ең,
Кеудемде мол сағыныш толтырып ем.
Құм белдердің жарысып құйынымы,
Тербелейік Сыр ерке толқынымен.
Құшағын сыр даласы жайды бүгін,
Шалқиық шалқарына байлығының.
Кетейік көк белесте көсілтіп бір,
О, жігіттер, қайда әлгі сәйгүлігің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайрау жыры

  • 0
  • 0

Мұңайып жалғыздықты айта берме,
Жігітім,
Сал өзіңді қайқаң өрге.
Күн жалғыз,

Толық

Күй қанаты көктемгі

  • 0
  • 0

Елеңдеймін дүбірге құлақ түріп,
Дүрліктірді даланы бұлақ күліп.
Күй қанатын сермеді көктем өзі,
Домбырасын дамылсыз бұрап тұрып.

Толық

Таңғы шық

  • 0
  • 0

Меруерттей мөлдіреді,
Шөп басына шық тұнып.
Гүл желегі желбіреді,
Нәзіктігін ұқтырып.

Толық

Қарап көріңіз