Өлең, жыр, ақындар

Қалғандардың құлағына "қола сырға"

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1288
Кейде газың, кейде суың болмай,
Кейде жылу берген буың болмай,
Кейде жарығың лып етіп,
Қараңғылық сып етіп,
Үйіңе бірден кіріп келеді.
Қысылатын жеріңді біліп келеді.
Осы қызықты көргің келсе,
Телефонды алып звонит eді:
Газ деп сұрасаң суға тірелесің,
Су деп сұрасаң буға тірелесің,
Жарық деген жарық болмай,
Екі ортада тірі өлесің,
Тіпті болмаған соң:
Домуправқа жүгіресің,
Онан да түңілесің,
Есіктен есік қағасың,
Алпыс үйді айналып,
Жетпісінші үйден табасың.
Оларда бірақ телефон болмайды,
Бола қойса трубканы алмайды,
Құлақ та салмайды
Ала қойса алдайды:
— Бастықтар қайда ? —
— Объектіде...
Мұны бір де
— Инженер қайда?
— Горсоветке кетті —
Басқалары ше?
Обедке кетті
Мұны екі де,
Шаршайсың шашыласың,
Іздеуден жалығасың.
Жатып алып ойлайсың,
Ойыңмен тойлайсың:
Біреудің үйін жөндеп жатады,
Біреудің үйін жөндеп жатады
Он жылдан бері ремонт көрмеген
Тозған үйлер күндеп жатады.
Мусор дегендер төгіліп жатады,
Қабырғасы сөгіліп жатады.
Қағаз ба, жүн бе, жұрқа ма —
Әйтеуір құрғыр көміліп жатады
Сонымен сөйтіп,
Үйтіп-бүйтіп,
Майда-шүйде жұмыспен,
Уақыт өтіп жатады,
Ілгері зырғып кетіп жатады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұлтекеңнің соры

  • 0
  • 0

Кең балақ,
Тар тізе,
Жалаңбас,
Ақ нейлон көйлекті, бұйра шаш.

Толық

Дей-дей...

  • 0
  • 0

Сылтауы көп Сиқымбай,
Шашылған желмен қиқымдай,
Жүргені ылғи бобырап,
Өз орнында бір тұрмай,

Толық

Маймұрынға майшелпек

  • 0
  • 0

Тоғышар, топас Маймұрын,
Жатып алып бір қырын,
Газет оқи қалады,
Абыржып айқай салады:

Толық

Қарап көріңіз