Өлең, жыр, ақындар

Мұнайшы сөзі

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2759
Күлер болсаң шын көңілден .......... күл,
Қанжар сұқпай сыйлап тұрып барқыт гүл.
Жер шарының барлық биржаларынан,
Мен өндірген мұнай исі аңқып тұр.
Көп елдерді достасуға құштар ғып,
Және өзіне магниттей тартып тұр.
«Қазақ елін шығаратын ұшпаққа,
Мұнай» – дейді саясаткер тіс қаққан.
Бірақ менің саясатпен ісім жоқ,
Бар арманым шығу қысқы қыспақтан.
Кең Аллаға тәубе етемін, құлына,
Қазынаның бір пұшпағын ұстатқан.
Бар арманым мотор үні тынбаса,
Бар арманым качалкамыз тұрмаса.
Бар арманым құбыр – өзен ағылып,
Қара мұнай сыбдырласа, жырласа.
Бастан кешіп нәубеттердің бәр-бәрін,
Төзген жанмын қасіретке, сынға сан.
Шаттануым тегін емес мен бұлай,
(Шынымды айтсам талай сөніп, жандым-ай).
ОБСЕ-гe бастық қылған қазақты,
Біле білсек Нұрсұлтан мен сен Мұнай!
Ояндық біз, айналамыз ғажайып,
Енді, енді ойлан Қазақ қалғымай.

07.02.2008 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлпытас жанындағы толғаныс

  • 0
  • 0

Қандай қиын ұл болмай оты молдау,
Құл болып жазмышқа тiс батыра алмау.
Кiмге керек жай кезде бiлгiшсiнiп,
Едiреңдеу,Шолтаңдау,Одыраңдау.

Толық

Қара жорға

  • 0
  • 0

Шiлденiң тамған кезi болатын-ды,
(Ажалға қандай тылсым ара тұрды).
Кенет, кенет дүрлiгiп жылқылы ауыл,
Кекiлi күлтеленген,

Толық

Іштей сыр шертем мен...

  • 0
  • 0

Жүрекке өртенген,
Бір өпкен дару ма?
Іштей сыр шертем мен,
Қасымда аруға.

Толық

Қарап көріңіз