Өлең, жыр, ақындар

Қаһарман ғалым

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1848
Шапық Шөкинге

Қаһарман ғалым Шапықжан,
Маған — іні, елге — аға.
Құттықтап саулық тілейді,
Құрметті ел-жұрт, кең дала!
Қаныштай ұлы ғалыммен
Қанаттас болған жылдарың
Тереңін теріп ғылымның,
Тебірентті небір сырларын.
«Қараңғы казак көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?» —
Деп өткен Сұлтанмахмұттың
Арманы мен болжамы —
Ғылымда айдай толғанын,
Қаһарман ғалым болғаның.
«Ғалымдардың ғалымы
Шапық», — деп ем мен бұрын;
Үздік еді дарының
Мақтаным болдың сен бүгін.
Ғылым ед бар құштарың...
Жасыңнан канат самғадың.
Энергетика болды құдіретті
Талғамдап, таңдап алғаның.
Сынның да талай ауырын,
Жалынын, өртін, дауылын
Өткергенде басыңнан,
Минутың жоқ жасыған,
Қажырлы ғалым бауырым.
Бағалай білген ғылымды,
Ғалымдағы дарынды,
Көреген де береген
Ақ ниет, әділ, алымды
Академик президент, —
Нұрсұлтанға рақмет!
Қаһарман ғалым Шапытым,
Өзің де енді тарихсың!
Алтын жұлдыз төсінде...
Жәрдемшің болсын жарық күн!
Әлемнің де мақтаны,
Ел үмітін ақтадың!
Аялап өмір ақ таңын,
Өзіңді аман сақтағын!
Жаса, Шапық, көп жаса!

1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Парасат

  • 0
  • 0

Серік-ау!
Келіп қапсың жетпісіңе,
Жетпісті «кәрілік» деп ескісінбе!
Алдында ағасы бар інілер — жас...

Толық

Жұмағали Саин

  • 0
  • 0

Біреудің шырағына күл төгетін—
Кір жоқ ед жүрегінде бүркенетін.
Жүзіндей ақ семсердің тайсалмаушы ед,
Туралық қажет етсе сілтенетін.

Толық

Шындық сыры

  • 0
  • 0

Ақиқат пен және де аңызды да,
Хақың бар ед сен ғана жазуыңа.
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Адамдар жан сырының азығына.

Толық

Қарап көріңіз