Рухты жастар
Алты алашым, Отаным, елім дейтін,
Қазақстаным, кең байтақ жерім дейтін,
Алаулаған қазақтың жастары бар
Тайынбайтын жолынан, берілмейтін.
Алты алашым, Отаным, елім дейтін,
Қазақстаным, кең байтақ жерім дейтін,
Алаулаған қазақтың жастары бар
Тайынбайтын жолынан, берілмейтін.
Бастау алған ежелгі дәуірлерден,
Қазақстан дос, бауыр әрбір елмен.
Көрген талай жұтты да, қырғынды да,
Жаманның да, жақсының дәмін көрген.
Сан ғасыр аңсаған бабамыз,
Азаттық күні үшін күрескен.
Тариx боп тіл қатар даламыз,
Өртеңнің орнына гүл өскен.
Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!
Ертегіге бергісіз еліміз бар,
Ертегі айтып беретін еріміз бар.
Төркініне келгендей тайраңдайтын,
Талайларға ұсынар төріміз бар.
Алматыда бір ұлың сәлем деді дегейсің,
Сәтін салса құдайым, келем деді дегейсің.
Көңіл-күйін байқатпай, кейде жүрер жол таппай,
Сағыныштың сызығы тереңдеді дегейсің.
Ақындықтың шыңына шығу үшін,
Биік шыңға өлең туын тігу үшін.
Сөз байлығы керек-ақ әр ақынға
Арлы істің мол сырын ұғу үшін.
Қазақстандай мемлекетті басқарған,
Жұлдыз болып, жаңа жолға бастаған.
Елбасымыз Нұр ағаның арқасы
Жеткеніміз мұраттарға аңсаған.
Арман еткен бабамыз,
Егеменді ел болдық.
Көбейіп ауыл,қаламыз,
Өзгелерден зор болдық...
Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.
Адамды Алла жаратқан жер бетіне
Салем етіп Пайғамбар үмбетіне
Ассалаумағалейкум арда халқым
Айналған тәуелсіздік келбетіне.
Жемқорлықтың саны артып келеді,
Қайғы –мұң ғой ,қасіретті береді.
Залалы көп бұл заманда қатыгез.
Жаулап алу әсте жылдам жүреді.
Зұлымдық қылып елдi жеп,
Ойладың әбден байырды,
Атану үшiн мырза деп,
Кәрiпке бердiң қайырды.
Кейбiреу бездi дейдi елден менi,
Есалаң айтады екен сезiп ненi.
Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық денi.
Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай,
Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай.
Расулдай...
Бағым да жүр ашылмай,
Қандастарды бауырымдай көремін,
Жайма шуақ көңіліне сенемін.
Қарындастар түтін түтет кел-дағы,
Қонақжаймын,төрден орын беремін.
Қалың елім, қазағым, қара орманым,
Мен перзентің, өзіңсің бар арманым.
Дүниеде ел болмас сенен ыстық,
Кеңдігіңе пейіліңнің таң қаламын.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі