Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (395) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (141)

Махаббат ескiре ме, ескiре ме?

Махаббат ескiре ме, ескiре ме?
Ерсiлеу мұның өзi естiле ме?
Iшiнде емге татыр бiр есер жоқ
Апырай, жұрттың бəрi естi неге?

Толық

Құбылып шыққан сырнайсың

Құбылып шыққан сырнайсың
Жүректің жырын жырлайсың
Жанымды менiң паршалап,
Тәнiмдi менiң турайсың.

Толық

Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң

Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң:
Желегiмдi жел мен жылға жұлдырдым.
Сүйгенiмдi, күйгенiмдi қайтейiн,
Байқаусызда бəрiн, бəрiн бүлдiрдiм.

Толық

Махаббат

Махаббатқа ежелден жүрмейді есеп,
Ерік берсек есепке, гулейді өсек.
Артық сөйлеп, асығыс айтқанымыз,
Сүю менен үйлену бірдей десек.

Толық

Махаббат

О, махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзін.
Мекендеген жер үстін жан иесін
Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

Толық

Махаббат

Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз —
алдында махаббаттың қарусызбыз.
Әрқашан — жас болсақ та, кәріміз де
жүректің сусынына зәруміз біз.

Толық

Махаббат, мен саған қарыздармын!

Біреуге ғашық қылғаның үшін,
Арманға асықтырғаның үшін,
Теңіздей тасып тұрғаның үшін-
Махаббат!

Толық

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу қабірі басындағы ой

Бұл жерге келсең, жаным, мұңдасып қал,
Болсаң да құмға асыққан, шыңға асыққан.
...Жұптасып бір қабірде қалдыңдар ма,
Осылай өледі деп шын ғашықтар.

Толық

Махаббат

Ойлап тұрсаң қабырғаңа батады-ақ,
Қыран жылап, қуанды сан жапалақ.
Бірақ көбін ұмыттырып жіберді
Тіршілікке деген іңкәр махаббат.

Толық

Махаббат- дастан

Махаббат – дастан,
Талай жандар жырлаған.
Ақындар мен сазгерлер ,
Үзілместей жыр жазған.

Толық

Түнгі аспан

Түңіреніп түскен кезде сен еске
Білмейтіндей кеткеніңді келмеске
Тірі пенде маған көмек бере алмас
Бере алмайды маған ешкім кеңес те

Толық

"Сен жүрегімнің..."

Сен менің кеудемдегі тұмарымсың.
Жарық қылар жалғанды шырағымсың.
Өзгелергелерге ешқашан сәйкеспейтін,
Жүрегімнің жалғыз ғана сыңарысың.

Толық

"Қашықтағы ғашығым"

Тұтқынына айналып сағыныштың,
Саған қарай келеді алып ұшқым.
Қол ұстасып отырсам құшағында,
Түсім екен мен тағы жаңылыстым.

Толық

Ғашықпын

Шүкір Алла өзіне жолықтырған,
Нәр бердің ғой сезімге солып тұрған.
Махаббатсыз дүние бос деген сөзді,
Жарқыным-ау өзінсің шын ұқтырған.

Толық

Оны ойласам

Бұл әлем махаббатқа айналғандай,
Көңілім әлдекімге байланғандай.
Оны ойласам жүрегім қатты соғып,
Өз-өзімнен кетемін жай таба алмай.

Толық

If You Forget Me by Pablo Neruda аударма Егер сен мені ұмытсаң

Мен сіздің білгеніңізді қалаймын, бір нәрсе
Мұның қалай екенін сіз білсеңізде,
Қарасам хрустальды ай, қызыл бұтақ та
Жай күздің бейнесі менің тереземде.

Толық

Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер

Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер,
Бойжеткен боп Аналар да серт берген.
Сезім-жыр Болса-дағы кей ұғымдар көнерген,
Ізгілікті үлгі тұтып келем мен.

Толық

Шын сүю

Су шықпайды деп құдықты,
Соңына дейін қазбапты.
Шын сүйе алатын жандарға,
Бақытты болу жазбапты!

Толық

Махаббат

Мен сондаймын,
Әр нәрсені ойлаймын.
Кей кездері терең ойға тоймаймын.
Саған төзу қанша қиын болса да,

Толық

Махаббат

Махаббат жас шақтағы
күдік пен мұңга толған.
Бір сүйсе асқақтады,
қырандай шыңға қонған.

Толық