Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (73) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (438) Ұлағатты сөздер (496)

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Ілмектер: адам

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Ілмектер: адам

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Ілмектер: адам, қайғы

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Ілмектер: адам

Адам бір-біріне қонақ.

Ілмектер: адам

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ілмектер: адам, ұйқы, тамақ

Ас адамның арқауы.

Ілмектер: ас, адам

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Ілмектер: адам, жаман

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Ілмектер: адам

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Ілмектер: жақсы, адам, сөз, ырыс

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Ілмектер: жақсы, адам, ашу

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Ілмектер: адам, туған жер, аққу

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Ілмектер: отан, адам

Адам арын ойлайды.

Ілмектер: адам, ар

Атамекен аясы - адамның жан саясы.

Ілмектер: атамекен, адам, жан

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Ілмектер: ақыл, адам

Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.

Ілмектер: адам, мал

Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.

Ілмектер: адам, өлу

Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.

Ілмектер: адам, жүрі, білу