Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (131) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (58) Ұлағатты сөздер (5)

Елін жамандаған
Елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған
Атаусыз қалады.

Ілмектер: ел, ауыл

Ауыл үйдің қонағы,
Айында-жылында бір келер.

Ілмектер: ауыл, қонақ

Ауыл – қарайлас,
Шаруа – орайлас.

Ілмектер: ауыл, шаруа

Ауылым - алтын бесігім.

Ілмектер: ауыл, бесік, туған жер, ел

Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит, ауыл, бөрі

Аңдысқан ауыл болмас.

Ілмектер: ауыл, аңду, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, жақсы

Аңдысқан ауыл болмас,
Есептескен дос болмас.

Ілмектер: ауыл, дос, аңду

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ілмектер: ауыл, қауым

Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.

Ілмектер: қазақ, ауыл, шеру, ел

Аулы араластың,
Қойы қоралас.

Ілмектер: ауыл, қой, ел, халық

Берекесіздің ауылы - мерекесіз.

Ілмектер: береке, мереке, ауыл

Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.

Ілмектер: ауыл, келісім, бөлісу, парсы мақалы

Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.

Ілмектер: ауыл, жол, парсы мақалы

Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.

Ілмектер: бұлт, ауыл, жау

Итсіз ауыл болмайды.

Ілмектер: ит, ауыл

Ауылды алалық бұзады,
Араны арамдық бұзады.

Ілмектер: ауыл, арам, қырғыз мақалы

Ауылың ала болса,
Ала атың құла болар.

Ілмектер: ауыл, қырғыз мақалы

Ауылы бүтін аман жүреді.

Ілмектер: ауыл, аман, қырғыз мақалы

Ауылынан дәметкен,
Алақанын күзеткен.

Ілмектер: ауыл, алақан, дәмету