Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (215) Ұлағатты сөздер (162)

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Ілмектер: ақыл, білім

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Ілмектер: ақыл, білім

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Ілмектер: ақыл, білім

Ақыл ердің қорғаны.

Ілмектер: ақыл, ер

Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ақыл көп.

Ілмектер: батыр, ақыл

Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

Ілмектер: ақыл

Аштың ақылы астан әрі аспайды.

Ілмектер: ақыл, ас

Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді.

Ілмектер: жаман, ақыл

Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.

Ілмектер: ақыл, мерей

Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.

Ілмектер: білім, ақыл

Ақыл шыңы - даналық.

Ілмектер: ақыл, шың

Ақыл көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.

Ілмектер: ақыл, тіл, сөз

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Ілмектер: ақыл, адам

Ақыл — арман, ой — өріс.

Ілмектер: ақыл, ой

Ақыл айнымас, алтын шірімес.

Ілмектер: ақыл, алтын

Ақылды қыз — ауыл көркі.

Ілмектер: қыз, ақыл, ауыл

Айғайлы жерде ақыл аз.

Ілмектер: айғай, ақыл, аз

Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды

Ілмектер: әділдік, арамдық, ақыл

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

Ілмектер: сұлу, бет, ақыл, жүрек

Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.

Ілмектер: ақыл, көз, құлақ