Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Батырдың қаһары - еліне қорған.

Ілмектер: батыр, ел, ер, Құлатай батыр

Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.

Ілмектер: жүрек, қайрат, ер, ерлік, батырлық

Ұланы бар елдің ұраны бар.

Ілмектер: ұлан, ұран, ер, ерлік, батырлық

Ерді еңбек жеткізер.

Ілмектер: ер, еңбек, байлық

Ердің атын еңбек шығарады.

Ілмектер: ер, еңбек

Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.

Ілмектер: іс, ер, еңбек

Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.

Ілмектер: шөп, ер, мал, түңілу, нәсіп

Еңбек — ердің көркі,
Ер — елдің көркі.

Ілмектер: ер, еңбек, ел

Тымырық болса ер оңбас,
Тоңға жатса мал оңбас.

Ілмектер: ер, мал

Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.

Ілмектер: ел, ер, дана, жанұя

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.

Ілмектер: ат, пайда, айла, ер, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ер - бас,
Қатын - мойын.

Ілмектер: ер, әйел, қатын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ерді еңбегімен ескереді.

Ілмектер: ер, еңбек, араб халық мақалы

Асты қорлама құстырар,
Ерді қорлама тыштырар.

Ілмектер: ас, ер, қорлық

Ер егіз, еңбек жалғыз.

Ілмектер: ер, еңбек, жалғыз

Еңбек - ердің санаты,
Білім - ердің қанаты.

Ілмектер: еңбек, білім, ер

Есерсоқ болмай, ер болмас,
Есептен болмай, бай болмас.

Ілмектер: есерсоқ, ер, есеп, бай

Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.

Ілмектер: ер, дұшпан, есек, тұсау

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.

Ілмектер: ер, жақсылық, жамандық

Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.

Ілмектер: жер, ер, ел, қадір

Пікірлер