Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (17) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (296) Ұлағатты сөздер (91)

Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.

Ілмектер: жан, хан, мал, жақсы

Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.

Ілмектер: сөз, сыр, бедел, ырыс, жақсы

Айырдан жампоз туады
Аруанаға бергісіз.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.

Ілмектер: айыр, жақсы, жаман, ас

Ақылдылық жақсы атқа қалдыруды тілейді.

Ілмектер: ақылдылық, тілек, жақсы

Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар, жолбарыспен ойнама.

Ілмектер: ақыл, жақсы, сыйлау, жаман, ашу, жолбарыс

Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, ат, жақсы, адам, тыңдау

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.

Ілмектер: ата, ана, ұрпақ, бала, жақсы, жаман

Ашушаң жақсы болмас,
Жақсы ашушаң болмас.

Ілмектер: ашу, жақсы

Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.

Ілмектер: бақа, көл, қатын, жақсы

Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Ілмектер: бәле, ұят, жақсы, іс

Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.

Ілмектер: жақсы, жаман, отбасы

Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас — бауырлас.

Ілмектер: бауыр, жол, жақсы, жолдас

Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Қайталама жақсы сөзден басқасын.

Ілмектер: бек, сөз, сын, жақсы

Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі.

Ілмектер: адам, мінез-құлық, жақсы, жаман

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.

Ілмектер: жақсы, жақсылық

Жақсы іске келді, жаман асқа келді.

Ілмектер: жақсы, жаман, ас, іс

Жақсыда кек жоқ.

Ілмектер: жақсы, жақсылық

Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап, көтерген.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаман сөз —
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —
Таптырмайтын ем.

Ілмектер: жама, жақсы, сөз, тіл, ем

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, сөз, ырыс, тіл