Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (507) Ұлағатты сөздер (3)

«Шаһнаманың» соңы жақсы.

Ілмектер: парсы мақалы, соңы

Көзеші сынық көзеден су ішеді.

Ілмектер: су, парсы мақалы, көзеші

Сұлу келбет жібек қылғаттан сұлуырақ.

Ілмектер: сұлу, келбет, парсы мақалы

«Көш!» дегенде бөстегін арқалай жөнелді.

Ілмектер: көш, парсы мақалы

Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.

Ілмектер: үлкен, сыйлау, ақыл, парсы мақалы

Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.

Ілмектер: мінез, парсы мақалы, от, су

Кеш келдің,
Кеш келсең де
Қош келдің.

Ілмектер: кешігу, парсы мақалы

Иесі қасында тұрғанда иті үргіш.

Ілмектер: ие, ит, парсы мақалы

Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.

Ілмектер: есек, парсы мақалы

Адам болсаң,
Адаспай көр.

Ілмектер: адам, парсы мақалы

Кеш келсем де,
Көш боп келдім.

Ілмектер: кешігу, парсы мақалы

Шындық семсерден де өткір.

Ілмектер: шындық, семсер, парсы мақалы

Алдымен су мен нанды ойла,
Содан кейін ойна.

Ілмектер: су, нан, ойлау, парсы мақалы

Шеберді үйрету – күйрету.

Ілмектер: шебер, үйрету, парсы мақалы

Аң!
Аңды қарауылға таң!

Ілмектер: аң, қарауыл, парсы мақалы

Нанды суық тандырға жабу.

Ілмектер: нан, парсы мақалы

Бір гүл – көктем емес.

Ілмектер: гүл, көктем, парсы мақалы

Жомарттық – сұратпай сыйлау.

Ілмектер: жомарттық, жоиарт, сыйлау, парсы мақалы

Басқаның тәбетімен,
Нан дәметпе.

Ілмектер: тәбет, нан, парсы мақалы

Су мен отта
Татулық жоқ.

Ілмектер: су, от, татулық, парсы мақалы