Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?
Ісіңді біреу істесе, қолың қышып бара ма?

Ілмектер: сөз, іс

Жақсыға сөз ереді,
Жаманға шөп ереді.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз, шөп

Айт сөзді ұққанға,
Айтып айтпа құлағына мақта тыққанға.

Ілмектер: сөз, құлақ, мақта

Отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге кетер.

Ілмектер: отыз, тіс, ел, сөз, ру

Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.

Ілмектер: түйе, бура, сөз, жақсы

Сөз тумай сайран болмас,
Сайран болмай айран болмас.

Ілмектер: сөз, сайран, айран

Жыласуға сөз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Ілмектер: сый, сыйласу, жат, сөз

Жабағының биті ащы,
Жаман кісінің сөзі ащы.

Ілмектер: бит, сөз, жаман, ащы

Сасыған ауыздан шіріген сөз шығар.

Ілмектер: сасық, ауыз, шірік, сөз

Сөз – бөз емес, әрине,
Салдарға шалбар тігетін.

Ілмектер: сөз, бөз, шалбар, парсы мақалы

Етікшіден құлаш қаш,
Бізі тиер көзіңе,
Сөзі тиер өзіңе.

Ілмектер: етікші, біз, сөз, өнер

Өнерлiнiң қолы алтын,
Өлеңшiнiң сөзi алтын.

Ілмектер: өнер, алтын, қол, сөз, өлеңші

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.

Ілмектер: ақыл, сөз, бас

Ақылдыдан шыққан сөз,
Аңсағанға болсын кез.

Ілмектер: ақыл, сөз

Жаманның сөзі
Түйеден түскендей,
Жақсының сөзі
Диірменнен шыққандай.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз

Айрылса да көзінен,
Айнымайды сөзінен.

Ілмектер: сөз, көз, парсы мақалы

Көп сөз – қотыр сөз.

Ілмектер: сөз, парсы мақалы

Аз сөз — алтын, көп сөз - көмір.

Ілмектер: сөз, алтын, көмір

Көп сөз есекке жүк.

Ілмектер: сөз, есек, жүк

Пайдасыз ұзақ сөзден,
Орынды көз қысу артық.

Ілмектер: сөз, парсы мақалы