Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

Ілмектер: тіл

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Ілмектер: шебер, тіл

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл

Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз, көрік, ой

Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.

Ілмектер: сөз, тіл

Сәлем — сөздің анасы.

Ілмектер: сәлем, сөз, тіл

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Жаман әйелдің тілі ащы.

Ілмектер: әйел, жаман, тіл

Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады.

Ілмектер: сөз, тіл, түрік мақалы

Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер.

Ілмектер: қырғыз мақалы, сөз, тіл

Тебірентер сөз темір қақпаны да ашады.

Ілмектер: сөз, тіл, Жақсы сөз, түрік мақалы

Сөзің өлгенше, Өзің өл.

Ілмектер: сөз, сөзде тұру, татар мақалы, тіл

Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.

Ілмектер: тіл, сөз, араб мақалы

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Ілмектер: тіл, сөз, француз мақалы

Тіс қатты ғой, бірақ сынып кетеді,
Тіл жұп-жұмсақ ұзақ тірлік етеді.

Ілмектер: жапон мақалы, тіл, сөз, саясат

Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды.

Ілмектер: сөз, кәрі, ақыл, тіл, қырғыз мақалы

Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.

Ілмектер: тува мақалы, тіл, сөз

Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.

Ілмектер: араб мақалы, сөз, тіл, шешендік

Тіл үйірер сөз болса,
Тыңдаушы құлақ кез болар.

Ілмектер: араб мақалы, тіл, тыңдаушы

Тіс те кейде тілді қыршиды.

Ілмектер: индонезия елінің мақалы, тіс, тіл