Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (41) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (123) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (4)

Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.

Ілмектер: үй, сүт, бұзау, қырғыз мақалы

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Өз үйім өлең төсегім.

Ілмектер: үй, отан

Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.

Ілмектер: үй, ас

Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.

Ілмектер: аз, ақсақ, үй, сабыр, өмір

Алтын-күміс жиғандар үй салады.

Ілмектер: алтын, күміс, үй

Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.

Ілмектер: аңқау, қонақ, үй, сый

Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.

Ілмектер: үй, тауық, құс

Әйелдің дауысы қатты шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе.

Ілмектер: әйел, дауыс, үй, босаға

Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады),
Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).

Ілмектер: әкім, хан, үй

Балалы үйдің сыры жатпайды.

Ілмектер: бала, үй, сыр

Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.

Ілмектер: хан, би, мал, үй

Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.

Ілмектер: батыр, бай, ортақ, әділ, хан, төре, қараңғы, үй, шам

Би болмасаң, би болма,
Би түсетін үй бол.

Ілмектер: үй, би

Би қылма, би түсетін үй қыл.

Ілмектер: би, үй

Бөдененің үйі көп,
Қайда барса, бытпылдық.

Ілмектер: бөдене, үй

Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

Ілмектер: қонақ, үй

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Ілмектер: үй, ана

Қарны ашқан қараша үйге шабады.

Ілмектер: аш, үй

Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.

Ілмектер: үй, үлкен, кіші, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Пікірлер